Осы мақсатта, аудан жауаптылары жалпы құны 25 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту арқылы, 2 кезеңнен тұратын текстиль-тоқымашылық саласындағы жаңа жобаны жүзеге асыруға байланысты Туркия елінің  “Medex textile” кәсіпорнының басшысы Явуз Орханмен кездесті.

Бастапқыда, трикотаж матасын өндіру және бояу істерін жүзеге асыру жобасын іске қосуға келісілді. 2-кезеңде дайын киім шығаруға қатысты инвесторлардың ұсыныстарын талқылады.

– Аталмыш жоба аясында 500 жаңа жұмыс орнын ашу және жылына 20-30 миллион доллар мөлшерде экспортты жүзеге асыру жоспарлануда, дейді түріктер.

Ағымдағы жылдың 6 айында ауданда  жалпы құны 48,3 миллион доллар мөлшерде 36 жоба іске түсіріліп, 1782 жаңа жұмыс орны ұйымдастырылды.

Бұл жобалардың негізгі бөлігі өнеркәсіп өнімдерін өндіруге арналған.