Бұл туралы бүгін АОКА-да өткен брифингте «Жылу электр станциялары» АҚ басқарма бастығы мәлімет берді.
Оның айтуынша, Жергіліктендіру бағдарламасы аясында 8 жоба бойынша 6,3 миллиард сумның өнімін шығару жоспарланып, бұл көрсеткіш 6,8 миллиард сумға немесе 108,1 пайызға орындалған. Сондай-ақ кооперация байланысы аясында 1,5 миллиард сумға сатып алулар жоспарланып, іс жүзінде бұл көрсеткіш 1,7 миллиард сумға немесе 116,2 пайызға жетті.
Импортты қысқарту мәселесінде де жоғары нәтижелер тіркелген. 583 мың АҚШ долларын үнемдеу жоспарланса, бұл көрсеткіш 657 мың АҚШ долларына жеткізілді немесе жоспар 112,6 пайызға орындалды. 2025 жылы «Жылу электр станциялары» АҚ тарапынан 17 инвестициялық жобалары аясында 701,93 миллион АҚШ долларын игеру көзделген. Ағымдағы жылдың январь айына 35,2 миллион АҚШ долларды игеру жоспарлануып, бұл көрсеткіш 42 миллион АҚШ долларына жетті және орындау 119,3 пайызға жетті.
Қазіргі уақытта Сіргелі және Юнусабад аудандарында когенерация жобалары аясында жаңа газ-поршеньді құрылғылар құрылуда. Сондай-ақ, «Талимаржон» және «Навоий» жылу электр станцияларында жалпы қуаты 1715 МВт болған заманауи бу-газ қондырғыларын құру істері жалғасуда.