Жапонияның HANWA және Ernst & Young Shinnihon компаниялары Өзбекстанның баламалы энергия базарына шығады

    Инвестициялар 21 Sentabr 2023 1425

    Ағымдағы жылдың 20 сентябрінде Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ойбек Хамраев Жапонияның HANWA және Ernst & Young Shinnihon компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында тараптар Өзбекстан және жапон серіктестерімен баламалы энергетика саласындағы қарым-қатынастарды кеңейту және дамыту болашақтарын, сондай-ақ, Өзбекстанда күн панелдерін орнату бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін компанияның тікелей инвестицияларын тарту мүмкіндіктерін талқылады.

    Шетелдік тарап еліміздің өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін, сондай-ақ энергетикалық саласында кәсіпкерлік пен инвестициялық қызметті жүргізу үшін жасалған қолайлы инвестициялық ортаны, жеңілдіктер мен преференциялармен жақыннан танысты.

    Анықтама үшін: 2022 жылғы 25 октябрьде Біріккен несие механизмі (JCM) бойынша елдеріміз үкіметтері арасында қол қойылған Ынтымқтастық туралы меморандум аясында Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі Hanwa компаниясына Өзбекстанда баламалы энергия саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшін субсидия ретінде 200 мың доллар бөлді.

    Кездесу соңында тараптар арасында елімізде күн панелдерін орнату жобасын бірге жүзеге асыру туралы іс жүзіндік істер бастауға келісті, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates