Жаңа сұрыпы қысқа мерзімді сақтау және экспорттау мәселесін шешуге бағытталған. Ғалымдар пісу үдерісін бастайтын гормон — этиленді өндіруге жауапты геннің белсенділігін төмендетті. Нәтижесінде жеміс екі айға дейін қатты әрі жасыл күйінде сақталады.

Зерттеушілер жаңа сұрыпты тіркеуден өткізіп, оны алдағы үш жыл ішінде нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Қауындар әдетте көктемнен жаздың ортасына дейін жинаа алынады. Жиналғаннан кейін этиленнің бөлінуі салдарынан тез пісіп кетеді, бұл оларды ұзақ қашықтыққа тасымалдауды қиындатып, теңіз арқылы жеткізу кезінде бүліну қаупін арттырады.

Жаңа технологиямен піскен жемістерді мұздатылған күйде шетелге жөнелтіп, тұтынушыға жеткен кезде этиленмен өңдеу арқылы толық пісуіне мүмкіндік береді. Бұл әдіс ұзақ уақыттан бері банандарды жеткізу үшін қолданылып келеді.

Жапон қауындарына шетелде сұраныс жоғары. Тиісті министрліктің мәліметінше, экспорт көлемі 2025 жылы 1089 тоннаға жеткен, бұл 2015 жылғы 309 тоннамен салыстырғанда айтарлықтай көп. Өнім негізінен Гонконг пен Сингапурға сатылады, сондай-ақ АҚШ пен Австралияға жеткізу басталған, деп хабарлады oz.inform.kz.

Ұзақ сақтау мерзімі логистиканы жеңілдетіп, азық-түлік қоқыстарын азайтуға көмектеседі. Өндірушілер бұл технологияны ішкі сұранысты арттыру және экспортты кеңейту жолындағы маңызды қадам деп санайды.