Жапонияда қалың қар жауып жатыр, бірнеше метр биіктіктегі қар үйінділері пайда болған, жазатайым оқиғалар жиі тіркелуде.

Қазіргі уақытта 46 адам қаза тауып, 558 адам жарақат алды. БАҚ мәліметтері бойынша, кейбір адамдардың денелері қар астында бірнеше күн бойы жатып қалған, себебі оларды дер кезінде табу мүмкін болмаған.

Жапония билігінің мәліметінше, көптеген қайғылы жағдайлар ғимараттардың шатырларынан құлаған қалың қардың адамдарды басып қалуы салдарынан болған. Сондай-ақ зардап шеккен өңірлерде үйлердің құлағаны туралы да мәліметтер бар.

Қаңтар айының соңынан бері Жапонияның солтүстік бөлігінде бұрын-соңды болмаған қар жауып жатыр. Көптеген өңірлерде қар жаууы тоқтамаған. Аомори және Ажигасава сияқты қалаларда биыл қыста қар жамылғысының биіктігі бір метрден асты. Кейбір аудандарда қар қалыңдығы төрт жарым метрге жетті.

Аомори губернаторы Соичиро Мияшита қала билігі көшелерді, үйлерді және теміржол желілерін қардан тазалауда қиналып жатқанын айтып, ақпан айының басында Жапония әскерилерінен көмек сұрады. Қазіргі уақытта сарбаздар қар тазалау жұмыстарына көмектесуде, ең алдымен қарттар мен жалғыз тұратын адамдарға көмек көрсетілуде, деп хабарлады oz.inform.kz.