Жапония мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған халықаралық конференция өтті

    Бүгін, 25 февральда Әлем экономикасы және дипломатиясы университетінде «Өзбекстан-Жапония: дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы және стратегиялық ынтымақтастықты нығайтудың болашағы» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

    Гибрид түрінде өткен халықаралық конференцияға сенаторлар, депутаттар, Жапонияның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Өзбекстанның Жапониядағы Елшісі және жоғары оқу орындарының, мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Шарада екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанының 30 жылдық нәтижелері мен стратегиялық ынтымақтастықтың болашағы кеңінен талқыланды.

    Конференцияны ашқан Олий Мажлис Сенаты төрағасының бірінші орынбасары, Әлем экономикасы және дипломатиясы университетінің ректоры Содиқ Сафоев Президенттің 2019 жылы Күншығыс еліне жасаған тарихи іссапары елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік үшін жаңа көкжиектер ашқанын атап өтті.

    Сөз сөйлегендер өз баяндамаларында Жапония мемлекетінің Өзбекстан үшін экономиканың түрлі салаларында ең озық технологиялары мен тәжірибеге ие болған маңызды экономикалық серіктестік екендігін, Өзбекстан үшін Жапония компанияларының іскерлік этикасы, өнімнің сапасына деген жоғары сұранысы мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтыны ерекше маңызды екенін айтты.

    Конференцияда 17 жыл бойы Токио мен заманалық стратегиялық маңызды аймағы арасындағы екіжақты ынтымақтастық платформасы саналған «Орталық Азия + Жапония» диалогы өзара ынтымақтастықты күшейтуге қаратылғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ жиынға қатысушылар «Өзбекстан-Жапония» парламентаралық форумы аясындағы ынтымақтастыққа үлкен мән беріп, оның келесі мәжілісін 2022 жылы Өзбекстанда өткізу мәселесін қарауды ұсынды.

    Конференция аясында екіжақты мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, білім саласындағы ынтымақтастықты, инвестициялық және іскерлік ортаны одан әрі дамытуды, 2022 жылы Жапонияда “Өзбекстан жылын”, Өзбекстанда «Жапония жылын” өткізу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates