Жапониялықтар Ұлы Жібек жолының тарихына қызығушылық танытуда

    Өзбекстан елшілігінің қызметкерлері Жапонияның танымал «Nikkei shimbun» газетінің жетекші редакторы Ко Сакаимен кездесу өткізді.

    Сұхбат кезінде «Nikkei shimbun» газетінің беттерінде Өзбекстанның туристік әлеуетін, тарихы мен ұлттық салт-дәстүрін насихаттауға арналған мақалалар жариялау мәселесі талқыланды.

    Ко Сакаи жапон қоғамдастығында Ұлы Жібек жолының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығы жоғары екенін атап өтті. Сондықтан Ұлы Жібек жолының торабында орналасқан Өзбекстанның туристік әлеуетін Жапонияда кеңінен насихаттау туралы іс жүзіндік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

    Кездесу нәтижесінде «Nikkei shimbun» газетінің беттерінде Самарқант қаласының бай туристік мүмкіндіктері мен материалдық байлықтар тізіміне енген «Самарқант қағазына» арналған мақалаларды жариялау мақсатында осы газеттің редакторы және фототілшісінің Өзбекстанға шығармашылық сапарын ұйымдастыруға келісілді.

    Ақпарат үшін айта кетейік, 1876 жылы негізі қаланған «Nikkei shimbun» газетінде Жапония мен әлемдегі экономикалық, әлеуметтік-саяси тақырыптарға қатысты жаңалықтар мен талдау мақалалар жарияланады. Газеттің күнделікті таралымы 2 миллион дана шамасында. Басылым Жапония аумақтарында 51, әлемнің 37 елінде ақпараттық бюросы бар.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates