Бұл туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңесінің ақпарат қызметі хабарлады.

Атап өтілгендей, аталған штаб Таяу Шығыс елдерінде орын алып жатқан қолайсыз жағдайларға байланысты шетелде жүрген және Отанға оралу барысында қиындықтарға тап болған азаматтарға іс жүзіндік көмек көрсетеді.

Қиындыққа ұшыраған азаматтар штабтың (61) 222-27-27 телефон нөмірі және @nukusshtab Telegram мекенжайы арқылы өтініш білдіре алатыны еске салынды.