Кеше «Даму стратегиясы» орталығы мен Сенаттың Аралбойы аумағын дамыту мәселелері мен экология комитеті бірқатар ұйымдармен ынтымақтаса отырып, дөңгелек үстел сұхбаты ұйымдастырылды.
Онда «Өзбекстан азаматтарын тыңдап» зерттеу жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ бүгінгі күннің өзекті мәселелері: жасыл экономикаға өту, экологиялық тұрақтылық, аймақтық экономикалық даму, климаттың өзгеруі және оның салдары сияқты ең басты мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел сұхбатында Сенаттың Аралбойы аумағын дамыту мәселелері мен экология комитетінің төрағасы Б.Алиханов жасыл экономикағы өту, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде халықаралық және ұлттық деңгейде қабылданған стратегиялар мен тағы басқа да құжаттардың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, баяндамашы табиғи ресурстардың шектеулілігін ескере отырып, барлық тармақ пен салаларға инновациялық технологияларды кеңінен енгізу, заң құжаттарын әзірлеуде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану талаптарын ескеру, қоршаған ортаның ластану дәрежесін төмендетудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, қоршаған орта мен табиғаттан тиімді пайдалану үдерістерін ұйымдастыруда кең жұртшылықты жұмылдыру қажет екені айтылды.
Дөңгелек үстел сұхбатында жасыл экономикаға өту барысында Өзбекстанда атқарылып жатқан жұмыстар мен болашақтағы іс-шараларға да тоқталды. «Өзбекстан-2030» стратегиясы негізінде елімізде қайта тіктелетін энергия көздерін 2030 жылға дейін 25 мың МВт-қа дейін және жалпы тұтынудағы үлесін 40 пайызға дейін жеткізу, жылыжай газдардың жалпы ішкі өнім бірлігімен салыстырғанда 2010 жылдағы дәрежеден 30 пайызға дейін қысқарту сияқты шаралар көзделгені туралы ақпарат берілді.
Дөңгелек үстел соңында Дүниежүзі банкі сарапшылары климаттың өзгеруі мен экологиялық факторлардың халықтың әл-ауқаты мен денсаулығына әсері бойынша өткізілген зерттеу нәтижелері ұсынылды.
Климаттың өзгеруінің алдын алу және оның теріс салдарын азайту, климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша дер кезінде шаралар қабылданбаса, оның ұлттық экономикаға ауыр зардаптарын тигізуі мүмкін екендігі атап өтілді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.
Климаттың өзгеруіне бейімделу және мемлекеттің жасыл экономикаға өту үдерісін жеделдету, түрлі салаларда су және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, жылыжай газдары шығындыларын азайту және қайта тіктелетін энергия өндіру бойынша жедел іс-шараларды тиімді жүзеге асыру қажет деген қорытынды жасалды.