«Жыл әйелі» ұлттық байқауының Ташкент облыстық басқышының жеңімпаздары анықталды.

    Ел назарында 20 Noyabr 2021 1928

    Бұрын хабарлағанымыздай, Алмалық қаласындағы «Металлург» мәдениет сарайында «Жыл әйелі» ұлттық байқауының Ташкент облыстық басқышы өтті.

    Бұл байқаудың мақсаты – қоғамымыздың дамуына лайықты үлес қосып жүрген, жоғары мәдениетті, отбасы мен бала тәрбиесінде үлгілі, өзі қызмет ететін ұйымдардың беделін көтеруге белсене атсалысатын түрлі салалардағы қыз-келіншектерді қолдап-қуаттау, озық тәжірибелерді бұқараландыру болып табылады.

    Байқаудың облыстық басқышында 22 қатысушы бірқатар шарттар бойынша 5 балдық жүйемен бағаланды. Қорытынды нәтижесінде Піскент ауданынан келген Әзиза Икрамова бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Орташыршық ауданынан келген Севара Хошимова, үшінші орынды Нурафшан қаласынан келген Шоира Ахунжанова иеленді. Олар аталмыш байқаудың республикалық басқышына жолдама жеңіп алды.

    Бұдан тыс, «Жылдың ең отансүйгіш әйелі», «Жылдың ең озық кәсіпкер әйелі», «Жылдың ең үздік шығармашыл әйелі», «Жылдың ең күшті рухани-ағартушылық насихатшысы», « Жылдың ең жанкүйер ұстазы», «Жылдың ең белсенді салауатты өмір салты насихаттаушысы» , «Жылдың ең жаңа идеялар бастамашысы» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates