«Жастар мен бизнесті қолдап-қуаттау жылында» жүзеге асыруға қатысты мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланды

    Бизнес 5 Fevral 2024 1529

    Үстіміздегі жылдың 5 февралында Сенаттың Бюджет және экономикалық реформалар мәселелері комитеті «Өзбекстан—2030» стратегиясын «Жастар мен бизнесті қолдап-қуаттау жылында» жүзеге асыруға қатысты Мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлық жобасын талқылады.

    Сенаторлар мәжілісте жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған жобаның 2024 жылға арналған «Өзбекстан-2030» стратегиясында белгіленген ауқымды реформаларды тиімді жүзеге асыруға, халқымыздың күнделікті өмірінде оң өзгерістерге қол жеткізудегі жүйелі жұмыстарды дәйекті түрде жалғастыруға, жоғары экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етуге бағытталғанына ерекше назар аударды.

    Атап айтқанда, Мемлекет бағдарламасының «Тұрақты экономикалық өсу арқылы халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету» бағыты аясында жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынын кемінде 6 пайыз деңгейінде, ал инвестицияларды ЖІӨ-нің көлемін кемінде 30 пайызын құрауын қамтамасыз ету, экономика салаларында 18 миллион долларлық 309 ірі жобасын іске қосу белгіленген.

    Сондай-ақ экономикаға 275 триллион сум несие ресурстарын бағыттау, сонымен қатар 41 триллион сум микроқаржы қызметтерін көрсетілуін қамтамасыз ету, банктер ұсынатын несие мөлшерлемелерін базар механизмдері негізінде 2-3 пайызға төмендетуге қажетті жағдай жасау көзделуде.

    Жастар арасында кәсіпкерлікті кеңінен бұқараландыру және бизнесті жүргізуге қосымша мүмкіндіктер жасау мақсатында отбасылық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында бөлінетін несиенің кемінде 40 пайызы жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталады деп жоспарлануда.

    «Жас кәсіпкер» байқауы негізінде «махалла-аудан-облыс-республика» басқыштары бойынша жастардың болашағы зор бизнес-жобалары мен идеяларын іріктеу, республика басқышында таңдаудан өткен әрбір жобаға базалық есептеу мөлшерінің 1000 есеге дейінгі мөлшеріндегі жеңілдетілген несиелер бөлінеді және несие мөлшерлемесінің 50 пайызы жабылуы, жеңімпаз бизнес-жобалар мен идеялардың иелері Жас кәсіпкерлерді қолдап-қуаттау қоры есебінен шет мемлекеттерге біліктілігін арттыруға оқуға жіберілу көзделуде.

    Ұлттық экономиканы дамытудың басты факторы ретінде бизнеске неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында «Бизнесті қолдап-қуаттау бағдарламасы» аясында кешенді қолдап-қуаттау іс-шараларын жүзеге асыру арқылы кемінде 200 мың жаңа кәсіпкерлік субъектілерін, сонымен қатар 90 мың кәсіпорын және 110 мың жеке тәртіптегі тұлғаның тұрақты кәсiпкерлiк қызметiн жолға қою, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы 5 миллион адамды жұмыспен қамту үшiн қажеттi жағдай жасау белгiленген, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметi.

    Қызу талқылау барысында сенаторлар тарапынан Мемлекеттік бағдарлама жобасына бірқатар пікірлер мен ұсыныстар айтылды.