Өзбекстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аяқталды

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясындағы іс-шаралар аяқталды.

    Күні кеше Өзбекстан басшысы Президент Эмомали Рахмонмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардағы жаңа тарихи кезеңді белгілеген одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды.

    Президенттердің жарлығымен жоғары құрметті атақтарға ие болған екі елдің мәдениет және өнер қайраткерлерінің бір тобын марапаттау рәсімі өтті. Көшбасшылар «Достық кеші» концерттік бағдарламасын бірге тамашалады.

    Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Парламенті төменгі палатасының Төрағасы Махмадтоир Закирзодамен және Премьер-Министр Қахир Расулзодамен кездесулер өткізді.

    Мемлекет басшылары Душанбеде Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашып, Өзбекстанның өнеркәсіп өнімдерінің көрмесімен танысты.

    Душанбе халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Президент Эмомали Рахмон шығарып салды. Президент Шавкат Мирзиёев Ташкентке қайтып оралды.