ЮНФПА-мен ынтымақтастықты кеңейту болашақтары талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 31 июлінде Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының “Халықтың қоныстануы” қорының (ЮНФПА) Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Нигина Абасзадемен кездесу өткізді.

    Кездесуде Өзбекстан мен ЮНФПА арасындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен болашағы, сонымен қатар Қордың көмегімен Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар мен іс-шараларға қатысты мәселелер талқыланды.

    Сұхбат барысында Өзбекстан аумақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуде бүгінгі демографиялық үдерістерді есепке алу, 2025-2026 жылдардағы халық санағын тіркеуге алу бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, заманауи технологияларды қолдану негізінде халық денсаулығын сақтауға, репродуктивті денсаулықты жақсартуға және кадр әлеуетін арттыруға бағытталған жобалардың тиімділігіне қол жеткізу бойынша нақты ұсыныстар айтылды.

    Сонымен қатар, республикада зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша қабылданған заңдарды өмірге енгізуде озық тәжірибені тиімді пайдалану мәселесінде пікір алмасып, осыған байланысты арнайы іс-шаралар әзірлеуді белгілеп алды, деп хабарлады Олий Мажлистің баспасөз қызметі.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates