ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері бойынша аймақтық директоры Өзбекстанға келді

    Ел назарында 16 Noyabr 2021 1776

    Бүгін ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия мемлекеттері бойынша аймақтық директоры Афшан Хан ханым Өзбекстанға бір апталық сапармен келді. Бұл оның осы қызметте 2018 жылдан бері елімізге екінші рет келуі.

    16-21 ноябрь аралығындағы сапары барысында Хан ханым Өзбекстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырудың болашақ жоспарларын талқылау үшін жоғары мәртебелі үкімет өкілдерімен кездеседі. Ташкент пен Қарақалпақстандағы кездесулерде елімізде бала құқықтарын жүзеге асыру, тұрғындарды әлеуметтік қорғау және балаларды қорғау жүйесі, ана мен бала денсаулығы, сапалы, инклюзивті мектепке дейінгі және орта білім беру, климаттық өзгерістердің балалар мен жастарға әсері, COVID-19 инфекциясымен күресудегі үстем бағыттар және негізгі сипаттарына назар аударылады.

    «Мен 2018 жылы бірінші сапарымнан бері Өзбекстанға келгеніме және ЮНИСЕФ қолдауымен Өзбекстан үкіметі балалардың мүдделерін нығайтуда қол жеткізген жетістіктерін өз көзіммен көргеніме өте қуаныштымын», - дейді Хан ханым. «COVID-19, климаттың өзгеруі және қоршаған ортаның диградациясы сияқты жаңа проблемалар балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына көбірек әсер етіп жатқанын көргендіктен, мүмкіндік пен жауапкершілігіміз болғандықтан, біз бірге қол жеткізгендерімізге сүйене отырып, балалардың мүддесі үшін іс-әрекеттерімізді жалғастырамыз».

    ЮНИСЕФ-тің Аймақтық директоры азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен, соның ішінде мүгедектер ұйымдарымен, сондай-ақ балалармен, жастармен және отбасылармен байланыс жасайды.

    Сапар барысында ЮНИСЕФ-тің аймақтық директоры Замин Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған «Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзиямен қамту» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі халықаралық форумға қатысады. Форум Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне және ЮНИСЕФ-тің 75 жылдығына арналған.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates