Заңды тұлғалар әлеуметтік желілердегі жарнамалық қаражаттарға корпоративтік карталардан ақша төлей алады

    Қаржы 23 May 2023 1651

    2023 жылғы 19 майда Министрлер Кабинетінің «Заңды тұлғалардың шетелдік әлеуметтік желілерде жарнама беру қаражаттарын шетел валютасындағы корпоративтік банк карталарымен төлеу жүйесін жетілдіру іс-шаралары туралы» 207-санды қаулысы қабылданды.

    Заңды тұлғалар тарапынан шетелдік әлеуметтік желілерде жарнама беру қаражаттарын корпоративтік валюта карталармен төлеу және осы қаражаттарды салық және басқа есеп берулерде көрсету жүйесін жетілдіру Өзбекстан Республикасы Прзенидентінің 2022 жылдың 22 августтағы ПҚ-357-санды қаулысымен бекітілген 2022-2023 жылдары ақпарат-коммуникация технологиялары саласын одан әрі жетілдіру бойынша “жол картасында” көзделген.

    1 июлінен бастап заңды тұлғаларға шетелдік әлеуметтік желілердегі жарнама беру қаражаттары бойынша есеп-қисаптарды корпоративтік банк карталары арқылы күнтізбелік айына 5 000 доллардан аспайтын мөлшерде жүзеге асыруға рұқсат беріледі, деп хабарлайды «Norma».

    Сондай-ақ, хабарламада аталған төлемдер туралы ақпаратты Сыртқы сауда операцияларының бірыңғай электрондық ақпараттық жүйесіне енгізу қажет екені айтылды.

    Құжат Заң құжаттары мәліметтері ұлттық базасында жарияланды және 2023 жылғы 20 майдан күшіне енді.