Елімізде III Халықаралық Нақшбандия туристік фестивалі өтеді

    Туризм 23 Fevral 2023 1389

    Биыл 22-28 февраль күндері Өзбекстанның бірнеше облыстарында, атап айтқанда, Ташкент қаласы, Самарқант және Бұхара облыстарында «III Халықаралық Нақшбандия туризм фестивалі» өтеді.

    Шараға Малайзия, Индонезия, Түркия, Үндістан, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Австралия және АҚШ сияқты елдерден түрлі сала мамандары қатысады. Атап айтқанда, 18 елден 100-ден астам әлемге әйгілі ғалымдар, дінтанушылар, ғылым және қоғам қайраткерлері және туризм саласының өкілдері келеді.

    Фестиваль кезінде бірқатар киелі орындарға зиярат жасалады. Атап айтқанда, фестивалға қатысушылар Самарқант қаласындағы «Имам Бұхари» кешені мен «Имам Бұхари» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығына барады.

    Сонымен қатар, Самарқант қаласындағы «Имам ал-Мотуриди» зияраты мен «Регистон» кешеніне де бару жоспарлануда.

    Сондай-ақ, шара аясында «Шахи Зинда» және «Қожа Ахрор Вали» киелі орындарына, «Гөрі Әмір» кешеніне, «Рухабад» мешітіне, «Бибиханым» мешітіне және «Сияб» базарына да бару жоспарланған.

    Айта кетейік, фестиваль барысында Бұхарадағы “Лаби ховуз”, “Мир Араб” медресесі, “Арк” кешені, “Бола ховуз”, “Сайфиддин Бохарзий”, “Қожа Хафз Кабир” зияраттары, Бахауддин Нақшбанд кешені және тағы басқа да орындарды зиярат жасайды. Шара аясында Бахауддин Нақшбандтың ғылыми мұрасына арналған «Нақшбандия насихаттары» конференциясы ұйымдастырылады.

    Өз кезегінде, Ташкентте «Хазрати Имам» кешенін, Ислам өркениеті орталығын және басқа да көрікті жерлерді аралау жоспарлануда, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Өз кезегінде, бұл сияқты шаралар елімізде зиярат туризмінің дамуына үлкен үлес қосуымен бірге, Өзбекстанға зиярат үшін келген туристер санын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates