Еліміздің туристік әлеуеті «World Travel Market» халықаралық саяхатшылар көрмесінде насихатталды

    Туризм 9 Noyabr 2022 1360

    Ағымдағы жылдың 7 ноябрінде Лондонда «World Travel Market» ірі халықаралық саяхатшылар көрмесі басталды. Көрмеге Өзбекстан Республикасы Туризм және мәдени мұра министрлігі, «Ұлттық ПР-орталығы» МУК, «Uzbekistan Airways» ұлттық авиакомпаниясы және еліміздің бірқатар туристік компанияларының өкілдерінен құралған делегация да қатысуда.

    Халықаралық көрмеде қонақтар мен қатысушылар еліміздің Еуропа мен алыс шетелдерден туристерді тарта алатын жаңа туристік бағыттары және мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, Өзбекстан делегациясының мүшелері мен CNN, Euronews, BBC өкілдері арасында елімізді 2023 жылға дейін насихаттау бойынша жобаларды әзірлеу жөнінде келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ Еуропа базарында Өзбекстанның жаңа туристік нысандарын, саяхат орталықтарын, айрықша қалаларды насихаттау бойынша ірі маркетингтік және PR компанияларымен келіссөздер жүргізілді.

    Бұдан тыс, Өзбекстан туристік компаниялары мен шетелдік қатысушылар арасында туристік топтардың елімізге сапарын ұйымдастыру мәселелері де талқыланды. Сонымен қатар шетелдік журналистерге 2023 жылы Өзбекстанның Самарқант қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымы Бас Ассамблеясының 25-мерейтойлық сессиясы өтетінін жариялады.

    Ақпарат үшін, «World Travel Market» ірі халықаралық саяхат көрмесі туризм саласындағы ең ірі және танымал халықаралық көрмелердің бірі саналады, осы бағыттағы қызметтердің дерлік барлық түрлерін ұсынады. Көлемі жағынан Еуропадағы екінші ірі саяхат көрмесі (Берлин көрмесінен кейін) болған WTM 1980 жылдан бері әр жылы Лондонда өткізіледі. 2009 жылдан бері Өзбекстан бұл шараға тұрақты түрде қатысып келеді, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.

    Халықаралық көрме жалғасуда.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates