Улы бұғақты дер кезінде емдемесе ауыр асқынулар тудыруы мүмкін

    Денсаулық 21 Avgust 2022 12373

    Бұғақ — дүниежүзі халықтары арасында кең таралған аурулардың бірі саналады, дер кезінде емделмесе, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

    Қош, бұл аурудың қауіптілігі неде? Оның қандай жағымсыз асқынулары бар?

    Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің бас эндокринологы Феруза Хайдарова өз пікірімен бөлісті.

    – Бұғақ ауруында қалқанша безі үлкейеді, ол ағзаның гормондық жұмысының артуымен, төмендеуімен немесе өзгермеуімен байқалады, – дейді дәрігер. – Бұл ауру туралы айтудан бұрын қалқанша без туралы қысқаша мәлімет бере кетейін. Себебі, бұл ауру осы ағзада дамиды.

    Қалқанша безі мойынның алдыңғы жағында орналасқан. Ол тироксин және трийодтиронин гормондарын өндіру арқылы денедегі көптеген үдерістерді, соның ішінде жүйке, жүрек-қан тамыр, асқазан-ішек және сүйек-тірек қимылдары жүйесін басқарады. Тіпті мидың қалыпты жұмыс істеуі қалқанша безінің жұмысына байланысты.

    Бұғақтағы өзгерістердің себептері толық үйренілмеген. Бірақ оны келтіріп шығаратын бірқанша факторлар бар, оларға түрлі аутоиммунды және жұқпалы аурулар, йод тапшылығы, стресс, интоксикация, ақуыз және дәрумендердің жетіспеушілігі сияқты бірқатар факторлар мысал болуы мүмкін.

    Қалқанша безіндегі өзгерістердің ерекшелігіне орай, диффузды бұғақ, түйінді бұғақ және аралас түрлері сипатталады. Диффузды бұғақ өз кезегінде диффузды-эутоиреоидты және диффузды-токсикалық түрлерге бөлінеді.

    Атап айтқанда, оның диффузды-токсикалық түрі халық арасында улы бұғақ деп те аталады. Бұл аурудың негізі қалқанша безінің мөлшері мен қызметінің ұлғаюы болып табылады.

    Бұл жағдайда науқастар жүйке ауруына, жүрек соғысының жиілеуіне, мазасыздануға, арықтауға, шаштың түсуіне, терідегі әртүрлі бөртпелерге, дене қызуының көтерілуіне, қатты тершеңдікке, қолдардың қалтырауы, көздерінің үлкеюіне шағымданады. Сонымен қатар, олар ұйқысыздықтан да зардап шегеді. Аурудың нақтамасы зертханалық қан анализі және терең зерттеулердің нәтижесінде қойылады.

    Бүгінгі заманауи медицина улы бұғақты емдеудің 3 түрлі әдісін ұсынады. Бұл медициналық емдеу, яғни дәрі-дәрмекпен, радиоактивті йодпен емдеу және хирургиялық әдіспен емдеу болып табылады.

    Тиісті тексерулерден кейін науқаста ұлы бұғақ нақтамасы қойылса, әрине емдеу қажет. Өйткені ауру ағзада түрлі ауыр асқынулар тудыруы мүмкін.

    Сондықтан дер кезінде дәрігердің кеңесін тыңдап, қажетті медициналық тексерулерден өту қажет. Осы арқылы ауру нақты анықталып, қажетті емдеу шаралары мен процедуралары жүргізіледі.

    Маманмен сұхбатты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.