Ақпаратқа орай, 17-18 мартта республика аумақтарының басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін. 18 мартта кей жерлерде жаңбыр қысқа уақытқа қарға айналуы мүмкін.
17 мартта Бұхара және Науаи облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.
18 мартта Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария, Қашқадария, Сұрхандария, Әндіжан, Наманган және Ферғана облыстарында қатты жаңбыр жауады.
Таулы аумақтарда оқтын-оқтын жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
17-18 март күндері кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді;
17 март Жызақ, Сұрхандария облыстарында 22-27 м/с дейін күшеюі ықтимал;
18 мартта Сұрхандария, Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында 22-27 м/с күшейуі мүмкін.
19-20 март күндері түнде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді, Бұхара, Науаи, Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында кей жерлерде ауа мен топырақ бетінде 1-2 градус суық болуы мүмкін.
19-20 мартта Қарақалпақстан, Хорезм облысы және шөлейтті аймақтарда 2-6 градусқа дейін аяз, Қарақалпақстанның солтүстігінде кей жерлерде 7-10 градус суық болады, деп хабарлайды Өзбекстан гидрометеорология қызметінің орталығы.