Кездесуде осы компанияның алкогольсіз сусындар өндірісі және автомобиль жасау салаларында Өзбекстан базарына салған ірі инвестициялары елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларға деген сенімнің айқын көрінісі екені ерекше атап өтілді.

Атап айтқанда, Самарқант қаласындағы «СамАвто» кәсіпорнын жаңғырту, өндірістік қуаттарды арттыру және экспортқа шығарылатын өнім көлемін ұлғайту бағытындағы қосымша инвестициялық жобалар талқыланды.

Сондай-ақ кездесу барысында Түркияның ірі бөлшек сауда желісін Өзбекстан базарына енгізу, мал шаруашылығы кешенін салу, ет және сүт өнімдерін өндіруді жолға қою сияқты болашағы зор бағыттар да қарастырылды.