Өзбекстан кинематография және киноөндірісі  агенттігінің қарамағында Өзбекстан Ұлттық кинематографиясын дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Орталық Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 апрельдегі «Кино өнері мен киноөндірісін жаңа деңгейге көтеру, саланы мемлекеттік қолдап-қуаттау жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» № 6202-санды Жарлығымен құрылған беймемлекеттік бейкоммерциялық  ұйым болып табылады.

- Кино өнерін қоғамның рухани, мәдени-ағартушылық өміріндегі стратегиялық қайнар көзі ретінде қалыптастыру, оның ішінде жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу;

- нарықтық қағидаттар негізінде киноөндірісін мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ елімізге шетелдік кинокомпанияларды тарту және бірлескен киноөндірісті дамыту;

- киноөндірісін экономиканың жеке саласы ретінде дамыту, заманауи және жоғары технологиялық материалдық-техникалық базасы бар инфрақұрылымды құру;

- кинематография саласында кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін құру, кинорежиссерлер мен техниктердің біліктілігін арттыру;

- ұлттық сериалды туындыларды мемлекеттік ынталандыру, анимациялық фильмдер шығаруға жас аниматорлар мен аниматорларды кеңінен тарту;

- салада авторлық құқықтың кепілді қорғалуын қамтамасыз ету, кинопрокат жүйесін дамыту және ұлттық фильмдерді әлемдік кинонарықтарға экспорттау және т.б.

Кинематография агенттігінің ақпараттық қызметі