Студенттер 5 тамыз күні сағат 23:59-ға дейін https://my.uzbmb.uz/service/41 сілтемесі арқылы шетел мемлекеттеріндегі жоғары оқу орындарынан немесе республика аумағында қызмет ететін шетелдік және беймемлекеттік  жоғары оқу орындарынан оқуды көшіру үшін онлайн өтініш бере алады.

Шетел мемлекеттерінде қызмет ететін жоғары оқу орындарынан мемлекеттік жоғары оқу орындарының сәйкес келмейтін және сабақтас емес білім беру бағыттарына оқуды көшіруге рұқсат етілмейді.