Құрылыс жобасы
Дубай әміршісі Шейх Мұхаммад бин Рашид Әл Мактум тарапынан жарияланды. Жаңа 42
километрлік “Алтын желі” 18 бекет және
заманауи тоннельдер желісін қамтиды. Бұл
Дубай метросының қолданыстағы тоннельдерінен екі есе ұзын.
Ол қаланың 15 маңызды стратегиялық аумағынан өтеді. Жоба шамамен 1,5 миллион тұрғынға қызмет
көрсетеді және салынып жатқан 55 ірі жылжымайтын мүлік жобаларымен көлік
байланысын жақсартады.
— Дубайды әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы
қалаға айналдыруға бағытталған маңызды жобаларымыз іске қосылды. Болашақтағы
қызметіміз тоқтамайды, керісінше жеделдей түседі. Біздің жоспарымыз —
миллиондаған адамдар үшін жақсы болашақ құру. Біз уәдемізді орындап жатырмыз, —
деп жазды Дубай әміршісі өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жобаның құны 34 миллиард дирхам (9,25 миллиард
доллар) деп бағалануда. Құрылыс жұмыстары 2032 жылдың 9 қыркүйегінде аяқталады
деп жоспарланған. Бұл Дубай метросының ашылғанына 23 жыл толуына дұрыс келеді.
2040 жылға қарай күнделікті жолаушылар саны
465 мыңға жетеді деп жоспарланған. 20 жыл ішінде жалпы экономикалық табыс 430
пайызға дейін өседі, деп хабарлады Kazinform.