Биржалық сауда мәліметтеріне орай, WTI маркалы шикі мұнайдың бағасы 5,95%-ға төмендеп, бір баррелі 79,63 АҚШ долларын құрады.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 5,20%-ға арзандап, бір баррелі 83,36 АҚШ долларына жетті.

Сонымен қатар, Urals хом мұнайдың бағасы да аздап төмендеп (–0,97%), бір баррелі 84,56 АҚШ долларын құрады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан, Сауд Арабиясы және Ресей бастаған ОПЕК+ ұйымына мүше жеті мемлекет 2026 жылғы қыркүйектен бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге арттыру жөнінде келісімге келген болатын.