Oilprice мәліметінше, 20 шілде таңертеңгі жағдай бойынша, Brent маркадағы мұнайдың бір баррелі 90,21 АҚШ долларына жетіп, алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 2,40 пайызға қымбаттады.

WTI маркалы мұнайдың бағасы да өсіп, бір баррелі 84,24 АҚШ долларына жетті. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,12 пайызға жоғары.

Ресейдің Urals маркалы мұнайы да қымбаттап, бір баррелі 66,84 АҚШ долларына жеткен. Бұл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,33 пайызға жоғары, деп хабарлады Kazinform.

Сарапшылардың айтуынша, мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің күшеюі себеп болды. АҚШ-тың Иран аумағына жасаған кезекті шабуылдарынан кейін нарықта мұнай жеткізіліміне қауіп төнуі мүмкін деген алаңдаушылық артты. Соның салдарынан өңірдегі жағдайдың одан әрі ушығу қаупі күшейіп, бұл әлемдік мұнай бағасына әсер етті.