Oilprice порталының
мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 92,48 АҚШ
долларын құрады, бұл алдыңғы сауда сессиясымен салыстырғанда 4,44%-ға төмен.
АҚШ-тың WTI маркалы мұнайының бағасы 4,77%-ға
арзандап, бір баррелі 85,07 АҚШ долларын құрады. Ал Ресейдің Urals
маркалы мұнайы, керісінше, 4,37%-ға қымбаттап, бір баррелі 84,26 АҚШ долларына
жетті.
Бағаның төмендеуіне Иран тарапының АҚШ бітімді сақтаған
жағдайда, уақытша соққы жасауды тоқтатуға дайын екені туралы мәлімдемесі себеп
болды.
Бұған дейін әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ Президенті
Дональд Трамптың Иранға жасалуы жоспарланған шабуылдарды күшейту жоспарын
кейінге қалдырғанын хабарлаған болатын.
Кейінірек Америка тарапы Иран аумағына жасалған
шабуылдарды тоқтатқаннан кейін, Тегеранның да Парсы шығанағындағы елдерге соққы
жасауды доғарғаны белгілі болдыі деп хабарлады Kazinform.