Мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы Үндістан ел алтын қорының шамамен 38 пайызына иелік еткен. 2026 жылдың наурыз айында бұл көрсеткіш шамамен 77%-ға дейін өсті.

Үндістандық экономистерінің пікірінше, бұл саясат бірнеше факторға байланысты. Олардың қатарында шетелдік активтерге тыйым салу қаупі және Таяу Шығыстағы қақтығыстардың күшеюі бар. Осы жағдайда Үндістан билігі экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға және сыртқы қоймаларға тәуелділікті азайтуға ұмтылып отыр.

Сонымен қатар, Үндістанның өз ішінде алтынға деген қызығушылық артып келеді. Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, қаңтар мен наурыз аралығында елдегі жалпы алтын тұтынуы 10,2 пайызға өсіп, 151 метрлік тоннаны құрады.

Инвестицияларға деген сұраныс та айтарлықтай артқан. Үнді компанияларының алтынға инвестициясы бір жыл ішінде 52 пайызға өсіп, 82 тоннаға жеткен, деп хабарлады kazinform.

Мамандар үнді инвесторларының алтынға қызығушылығы алдағы уақытта да жалғасатынын болжауда.