Алдағы келіссөздер барысында Өзбекстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.

Саяси диалогты жүйелі түрде жалғастыру және мәдени-гуманитарлық алмасуды кеңейту, сондай-ақ сауда, энергетика, химия, геология, денсаулық сақтау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және экономиканың басқа да салаларында нақты бағдарламалар мен кооперациялық жобаларды ілгерілетуге басымдық беріледі.

Кездесу барысында халықаралық саясат пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасылады.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасына қол қою жоспарланып отыр.