Жылдың алғашқы 7 айында елге 7,7 миллион турист
келген болса, тек тамыз айының өзінде 1,4
миллион турист келді.
Туристік сапарлар санының ең жоғары өсімі Қытай – 2,3 есеге, Малайзия – 2 есеге,
Жапония – 1,5 есеге, АҚШ-тан – 1,4 есеге және Ресейден – 1,3 есеге
артқаны тіркелді. Сондай-ақ Германиядан келушілер саны 25 пайызға, Франция мен Ұлыбританиядан 21 пайызға, Түркиядан 15
пайызға өсті.
Ал туристік
қызметтер экспорты 4,6 миллиард АҚШ
долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,5 пайызға жоғары.