Комитеттің мәліметінше, қайта есептеу халықаралық сарапшы-демографтармен бірлесіп, олардың әдістемелік ұсыныстары негізінде жүргізілген.
Есептеу барысында демографиялық баланс әдісі қолданылған. Бұл әдіске орай, әрбір алдыңғы жылдың басындағы халық санын анықтау үшін келесі жылдың басындағы қайта есептелген халық саны негізге алынған. Одан бір жыл ішінде туғандар мен көшіп келгендер шегеріліп, қайтыс болғандар мен көшіп кеткендер қосылған.
Яғни, халық саны төмендегі формула бойынша кері бағытта есептелген:
Алдыңғы жылдың басындағы халық саны = келесі жылдың басындағы халық саны − туғандар + қайтыс болғандар − көшіп келгендер + көшіп кеткендер.
Мысалы, қайта есептеу нәтижесіне орай, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты халқы 39 миллион 23,6 мың адамды құраған. Ал 2025 жылғы демографиялық өзгерістерді кері есептеу арқылы 2025 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 38 миллион 321,6 мың адам болғаны анықталған.
Бұл ретте 702 мың адамдық айырмашылықты жай ғана арифметикалық есептеу арқылы анықтаумен шектелмеген. Есептеулер халықтың әрбір жынысы мен жас тобы бойынша жеке-жеке жүргізілген.
Атап айтқанда, қайтыс болғандар мен елден көшіп кеткендер саны қайта қосылған, көшіп келгендер саны шегерілген, ал жыл ішінде дүниеге келген балалар есептен шығарылған. Қалған халықтың жасы бір жылға кері жылжытылған.
Бұл үдеріс әрбір алдыңғы жылға қатысты қайталанып, 2010–2026 жылдарды қамтитын бірыңғай демографиялық деректер қатары қалыптастырылған. Есептеу кезінде өңірлер, қала және ауыл халқы, жыныстық және жас ерекшеліктеріне қарай халық құрамы, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық өзгерістер де ескерілген.
Жылдар бойынша Өзбекстан халқының саны қанша болған?
Ұлттық статистика комитеті жариялаған қайта есептелген мәліметтерге сәйкес, ел халқының саны төмендегідей:
Жыл | Халық саны |
2026 | 39 023,6 |
2025 | 38 321,6 |
2024 | 37 559,1 |
2023 | 36 766,7 |
2022 | 35 981,5 |
2021 | 35 258,4 |
2020 | 34 585,0 |
2019 | 33 928,4 |
2018 | 33 327,4 |
2017 | 32 788,1 |
2016 | 32 228,0 |
2015 | 31 654,6 |
2014 | 31 110,7 |
2013 | 30 596,6 |
2012 | 30 139,5 |
2011 | 29 689,1 |
2010 | 29 215,9 |
Айта кету керек, халықтың бұрын жарияланған және қайта есептелген саны арасындағы айырмашылық барлық жылдарға бірдей бөлінбеген. Әрбір жылға арналған көрсеткіш туу, өлім-жітім және көші-қон үдерістерінің негізінде жеке-жеке қайта қалпына келтірілген.
Осылайша, халық санағының нәтижелері елдің демографиялық көрсеткіштерін нақтылауға, халық құрамындағы өзгерістерді талдауға және алдағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлауға арналған жаңартылған статистикалық негіз қалыптастырылды.