Өзбекстан
Әділет министрлігі «Жаңа Өзбекстан»
университетінде мемлекеттік жоғары оқу орындарының ректоры (директоры)
лауазымына кандидаттарды даярлауға арналған «Ректорлар мектебі» бағдарламасы
бойынша оқуға қабылдау тәртібі туралы
ережені мемлекеттік тіркеуден өткізді (тіркеу 3897-саны, 13.07.2026 ж.).
Құжатқа
сәйкес, бағдарламаға 30 жасқа толған, кемінде магистр академиялық
дәрежесі бар, жоғары білім беру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
бар,
сонымен қатар
2
жыл басшылық қызметте еңбек өтілі бар үміткерлер ашық байқау
негізінде қабылданады.
Айта кетейік, Өзбекстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі №177 қаулысымен бекітілген «Жаңа Өзбекстан»
университетінде «Ректорлар мектебі» бағдарламасын іске қосу жөніндегі іс-шаралар
туралы» құжаттың 3-пункітінің «в» тармағына сәйкес, мемлекеттік жоғары оқу
орындарының ректоры (директоры) лауазымына кандидаттар тек осы Бағдарламаны
табысты аяқтап, жоғары оқу орындары ректорларының (директорларының) кадрлық
қорына енгізілген тұлғалар арасынан ғана таңдап алынады.
Қабылдау үдерісі мынадай 4 кезең бойынша ұйымдастырылады:
1. құжаттарды
қабылдау және зерделеу;
2. тест
сынақтары;
3. психологиялық
бағалау;
4. сұхбат.
Үміткерлердің
тест, психологиялық бағалау және сұхбат нәтижелері
бойынша жинаған жалпы ұпайлары негізінде рейтинг қалыптастырылады. Қабылдау
квотасы шегінде ең жоғары нәтиже көрсеткен кандидаттар оқуға ұсынылады.
Сонымен
қатар, Ережеде құжаттарды тапсыру тәртібі, бағалау өлшемдері, нәтижелерді
жариялау, апелляция рәсімі және қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз
ету механизмдері де белгіленген.