Оқу курсы Денсаулық сақтау министрлігі ЮНИСЕФ ұйымының көмегімен біріншілікті медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде жұмыс істейтін медбикелердің ісін жетілдіру және дамыту мақсатында сырдариялық бас медбике мен медбикелер үшін медбикелік ісінің “Әмбебап прогрессивті моделін” іс жүзіне енгізу, сондай-ақ 2021 жылғы 1 июньнен сынақ тәжірибе жобасы аясында Сырдарияға енгізіліп жатқан мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесіне байланысты істер, оны практикаға енгізу механизмдері, сондай-ақ тұрғындардың салауатты тамақтануын қамтамасыз етуде іске асырылуы қажет болған істер туралы болады.
Оқу курсын Ташкент дәрігерлердің білімдерін жетілдіру институтының білікті оқытушылары, сондай-ақ жуырда медбикелік ісінің жаңа моделі бойынша Ташкентте бір айлық білім жетілдіру курсын бітіріп келген, Сырдария облысы денсаулық сақтау басқармасының үш қызметкері, яғни жергілікті тренерлер жүргізуде.
Аталмыш оқу курсына қалалық және аудандық медициналық бірлестіктерінде жұмыс жүргізіп жатқан 25 орта медицина қызметкерлерінен тренерлер таңдап алынды. Олар оқу курсы барысында медбикелік ісінің жаңа “Әмбебап прогрессивті моделі” бойынша өз білімі мен тәжірибелерін арттырады. Аталмыш оқу курсын бітірген соң өздері жұмыс істеп жатқан қала немесе аудандық медициналық бірлестіктерде бір айлық оқу курсын ұйымдастырып, медициналық бірлестіктерде жұмыс істеп жатқан медбикелерге медбикелік ісінің жаңа моделі бойынша түсінік береді. Оны іс жүзіне енгізу механизмдерін үйретеді.
Бір сөзбен айтқанда, Сырдарияда жаңадан, тәжірибе сынақ түрінде енгізілген мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі сынды біріншілікті жүйеде ана және балалармен жұмыс істеу бойынша, медициналық қызметтің жаңа түрі, медбикелердің “Әмбебап прогрессивті моделі” бойынша істеу тәртібі Сырдарияда жолға қойылады, деп хабарлайды Сырдария облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сырдариялық медбикелер жаңа — “ Әмбебап прогрессивті модель бойынша” оқытылады
Сырдариядағы медбикелер үшін бір айлық оқу курсы ұйымдастырылды.
Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға барады
- Президент маңызды минералдар мен уран өндірісін дамыту жөніндегі жоспармен танысты
- 5 қараша күні әлем базарында мұнай бағасы төмендеді
- Өзбекстанның 38 университеті Азияның үздік жоғары оқу орындары рейтингіне енді
- Пияз неге қымбаттады: өнім жеткілікті, алайда бағаға тасымалдау шығындары да әсер етуде
- Экстремистік ұйымдарға қатысқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді
Мемлекет басшысы Самарқанд облысындағы көпір құрылысының барысымен танысты
- Мемлекет басшысы БАӘ инвесторларын қабылдады
- Өзбекстанда 40 жастан асқан студенттердің саны қанша?
- Тұңғыш Президент кесенесіне зиярат етілді
- Өзбекстан Президенті Америка – Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің екінші отырысына қатысты
- Мемлекет басшысы «Wabtec» компаниясының басшысын қабылдады