Құжатқа сәйкес, «Мәлік — Сырдария» және «Ақ алтын — Целинный» автомобиль өткізу пункіттерінің мәртебесі екіжақтыдан халықаралық (көпжақты) мәртебеге өзгертіледі.

Сонымен қатар, аталған өткізу пункттері енді тек күндіз ғана емес, тәулік бойы, яғни 24 сағат жұмыс істейтін болады.

Жаңа тәртіпке сәйкес, «Ақ алтын — Целинный» өткізу пункті арқылы жеңіл автокөліктер, бос жүк көліктері, сондай-ақ ірі көлемді және ауыр салмақты жүктердің қозғалысына рұқсат етіледі.

Ал «Мәлік — Сырдария» өткізу пункті жеңіл автокөліктер мен бос жүк көліктеріне қызмет көрсетеді. Бұл бекет арқылы коммерциялық мақсаттағы жүк пен тауарларды өткізу қарастырылмаған.

Айта кетілгендей, аталған өзгерістер мен шекара инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көлік және жолаушылар ағынын тиімдірек бөлуге, сондай-ақ шекарадан өту рәсімін жеңілдетуге ықпал етеді.