Қаулыға орай, «Таза қолдар» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында.
— санитарлық-гигиеналық өнімдермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етіледі;
— ауыз сумен қамтамасыз ету және санитарлық- гигиеналық нысандары (дәретханалар) инфрақұрылымы жақсатылады, олар ғимараттың ішіне орналастырылады;
— халық, сондай-ақ балалар арасында жеке гигиеналық әдеттерді қалыптастыру, оны сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.
Мемлекеттік инвестицияларды басқару геопорталының деректерін пайдалана отырып, жалпы орта білім беру ұйымдарының санитарлық-гигиеналық инфрақұрылымын жақсартудың мақсатты бағдарламасы қалыптастырылатын болады.
Сондай-ақ, жалпы орта білім беретін ұйымдарды халықаралық тәжірбе негізінде сумен қамтамасыз ету, санитария және гигиенаның «Үш жұлдызды жанасу» әдістемесі негізінде бағалау жүйесі құрылады.
Мәлімет ретінде: Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 2025 жылдың 1 майынан бастап барлық денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында «Таза қолдар» бағдарламасы жүзеге асырылатын болады.









