Транспорт тараўындағы ири жойбарлар бойынша мәлимлеме берилди

    Президент Шавкат Мирзиёевқа транспорт тараўындағы ири жойбарлар бойынша мәлимлеме берилди.

    Экономика дамып, өмір қарқыны жылдамдаған сайын көлік қатынастарына деген сұраныс та артып келеді. 2030 жылы Ташкентке әуе жолаушылары ағыны 15 миллион адамға жетеді деп күтіліп отыр. Алайда қазіргі әуежайдың қуаттылығы бұл көлемге сәйкес келмейді. Оның үстіне әуежайдың қала ішінде орналасуы оны кеңейтуге мүмкіндік бермейді.

    Сол себепті Ташкент облысында жаңа халықаралық әуежай салу жоспарланған. Бүгінде бұл жобаға қатысты шетелдік компаниялардың жеке серіктестік бойынша ұсыныстары қаралып жатыр.

    Таныстыру барысында жауапты мамандар осы ауқымды жобаның барлық қырлары жөнінде ақпарат берді.

    Соңғы жылдары жол шаруашылығына да қомақты қаржы бөлініп, жаңа нысандар салынуда. Автокөліктер қозғалысына қолайлылық жасау мақсатында балама жолдар салу да жобаланып келеді. Осы бағытта инвесторлар үшін тартымды орта қалыптастыру мақсатында «Автомобиль жолдары туралы» заң жаңа редакцияда әзірленді.

    Осыған орай, Ташкент пен Самарқанд арасында балама жылдам жол салу жобасына бірнеше серіктес елдің компаниялары қызығушылық танытты.

    Мамандар олармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері мен ұсыныстары жөнінде есеп берді.

    Мемлекет басшысы бұл стратегиялық инфрақұрылымдарды мұқият жобалап, оларды тезірек іс жүзінде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.


    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates