Өзбекстанда омикрон штамы анықталды, сақтық шаралары күшейтіледі

    Денсаулық 9 Yanvar 2022 1863

    Мәлімдеуінше, елімізге келген шетелдік азаматтан COVID-19-дың жаңа Omicron штамы үстіміздегі жылдың 7 январы күні анықталды.

    Республикалық арнайы комиссияның кезектегі жиналысында коронавирус пандемиясына қарсы шараларды қатаң түрде жалғастыру мәселесі жан-жақты талқыланды.

    Атап айтқанда, қоғамдық орындарда бетперде киюге, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, жеке гигиена ережелерін қатаң сақтауға бақылау күшейтілуде.

    Бұл ретте, барлық ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге, ірі сауда орталықтарына, супермаркеттерге, ойын-сауық мекемелеріне кіруде бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтаудың, дене қызуын өлшеудің қатаң сақталуы қамтамасыз етіледі.

    Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Мұсылмандары мекемелері, Дін істері бойынша комитетінің азаматтарымызды Умра зияратынан қайтқан кезде короновирусқа ПТР немесе экспресс тестті Сауд Арабиясының аумағында өзбекстандық медицина қызметкерлері тарапынан алынуын және жақсы нәтижеге орай кіріп келуін ұйымдастыру туралы ұсыныстарға рұқсат берілді.

    Халықты толық вакцинациялау және бустер дозамен егу жұмыстары жеделдетіледі.

    Министрліктер мен кеңселердің басшыларын, ұйымдастыру формасына тыс, барлық ұйымдарда жұмысшыларды вакцинациялаудан кейін жұмыс орындарына кіруге рұқсат етіледі. Аталмыш тәртіпті бұзған мекеме басшыларына заң құжаттарында белгіленген тәртіппен қатаң шара қолданылатын болады.

    Каникул кезінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында коронавирус инфекциясына қарсы толықтай вакцинациялау шаралары жүргізіледі. Аталған іс-шараларға жоғары оқу орындарының басшылары жауапты етіп белгіленеді.

    Сондай-ақ Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 2022 жылғы 15 январьдан бастап мынадай тәртіп енгізілді:

    - шет мемлекеттерден Өзбекстан Республикасына келушілер келгенге дейін кемінде 48 сағат бұрын тапсырылған коронавирус инфекциясына ПТР тест нәтижесі бойынша көрсеткіші жақсы болуы қажет;

    - коронавирус инфекциясына ПТР сынамасының нәтижесі бойынша көрсеткіші теріс болғанда, әуежайларда, вокзалдарда және шекаралық бақылау бекеттерінде коронавирус инфекциясына экспресс-тест тапсыру шарт.

    - Министрліктерге, мекемелер мен басқа да мемлекеттік органдарға және шаруашылық бірлестіктерге еліміздегі карантиндік шектеулер жағдайында халықтың денсаулығын сақтауға және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға бағытталған түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates