2022 жылдың 1 апрелінен бастап 647/648-санды Нөкіс – Бейнеу – Нөкіс пойызы қатынайтын болады.

Осы пойыз “Нөкіс” вокзалынан аптаның сейсенбі, жұма, жексенбі күндері және “Бейнеу” станциясынан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері жолға шығады.

Қозғалыс кезінде осы пойыз Хожейлі, Қоңырат, Жаслық, Қарақалпақстан станцияларына да тоқтайды.

Басқа көршілес елдермен теміржол бағыттарының қайта тіктелуі тараптардың келісімі негізінде  кезең-кезеңімен ашылады деп күтілуде, деп хабарлайды  Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Қосымша ақпаратты Ташкент қаласындағы 1005 қысқа нөмірінен, жергілікті теміржол кассаларынан және ақпараттық бюролардан алуға болады.