1000 кВт-тан астам электр энергиясын жұмсағандар 2-4 есе ақша артық төлейді

    1 ноябрьден бастап, электр энергиясының қуаты орташа айлық тұтыну мөлшерінен асқан тұтынушыларға арттыру коэффициенті қолданылады.

    Министрлер Кабинетiнiң «Электр энергиясын және табиғи газды пайдалану тәртiбiн жетiлдiруге қатысты қосымша іс-шаралар туралы» қаулысымен Электр энергиясын пайдалану қағидаларына 63-3-пунктпен толықтырған еді.

    Оған сәйкес, 2023 жылдың 1 ноябрінен бастап тұрғын үйде орташа тұтыну мөлшерінен артық электр қуатын пайдаланатын тұтынушылар сараланған тәртіппен жоғары тарифті ақы төлей бастайды.

    Электр энергиясының қуаты орташа айлық тұтыну мөлшерінен асқан ІІІ топтағы тұтынушыларға (тұрғын үйлер)

    — 1001 кВт-тан/ 5000 кВт/-қа дейін тұтынуға белгіленген тарифпен салыстырғанда 2 есе;

    — 5 001 кВт-тан 10 000 кВт-қа дейін тұтынуға белгіленген тарифпен салыстырғанда 3 есе;

    — 10 000 кВт-тан жоғары тұтыну үшін белгіленген тарифпен салыстырғанда 4 есе арттыру коэффициенті қолданылады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates