Олар қатысқан салтанатты рәсімде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда:

- инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;

- стратегиялық маңызы бар шикізат саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- миграция және қозғалу еркіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

- тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау және мәдени мұраны сақтау салаларындағы ынтымақтастық туралы;

- Климат қоры және Италия Ауыл шаруашылығы конфедерациясымен, сондай-ақ «Sogesid» және «Ansaldo» компанияларымен «жасыл» даму бағытындағы әріптестік туралы;

- Тушия, Пиза және Турин университеттерімен әріптестікке қатысты екіжақты келісімдер алмасу рәсімі өтті.

Сондай-ақ, ресми сапар аясында Италия Ұлттық зерттеулер орталығы, «SIMEST» және «Danieli» компаниялары, Перуджа университеті және басқа да мекемелермен бірқатар құжаттарға қол қойылды.