Кездесу барысында Өзбекстанда өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және болашағы зор инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыру – соның ішінде газ және электр желілерін, ауызсу жүйесін жаңғырту, қуат өндіру және сақтау нысандарын дамыту, жоғары жылдамдықты теміржолдар салу, жылжымайтын мүлік пен бизнес инфрақұрылымын құру – басым бағыттар ретінде белгіленді.
Келіссөздер қорытындысында келешегі зор жобаларды жүйелі түрде алға жылжытуға арналған «жол картасын» қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.