Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел көшбасшыларының келіссөздері, ресми және іскерлік іс-шаралар өткізу, сондай-ақ бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланған.
Өзбекстан мен Болгария Президенттері өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, соның ішінде тауар айналымын ұлғайту, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтика саласы, кен өндіру және цифрландыру бағыттарында ынтымақтастық орнату, туризм мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылайды.
Болгария Президенті Румен Радев IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумына да қатысады.