Үкімет қаулысымен (440-санды, 14.07.2025 ж.) «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау, зорлық-зомбылық қаупі деңгейін бағалау, қорғау жоспарын әзірлеу және оны іске асыру тәртібі туралы» ереже бекітілді.
Ережеге сәйкес, зорлық-зомбылық құрбаны болған немесе өзіне қатысты зорлық-зомбылық көрсету қауіпі болған балалар тікелей өздері немесе заңды өкілдер «Инсон» орталықтарына, ішкі істер органдарына және басқа да жауапты органдарға жүгінеді.
«Инсон» орталықтары ішкі істер органдарының қатысуымен баланың 1 күндік өмірлік жағдайын зерттейді.
Бұл жағдайда «Инсон» орталығы баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін факторларға бастапқы бағалау жүргізеді және қауіп деңгейін «төмен» немесе «жоғары» деп анықтауы мүмкін.
Қауіп деңгейі «жоғары» деп бағаланған кезде, ішкі істер органы келесі шаралардың бірін қабылдайды:
зорлық-зомбылық жасаған адамды әкімшілік жолымен ұстап тұруға және процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану;
балаға немесе оның заңды өкiлiне қорғау ордерiн беру;
баланы ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе оны қамқорлығына алған басқа адамдардан алып қою және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қауіп төндіретін факторлар жойылғаннан кейін, «Инсон» орталығы баланың өмірлік жағдайын 14 күнтізбелік күн ішінде кешенді баға береді.
Кешенді бағалау нәтижелері бойынша 3 жұмыс күні ішінде баланы қорғау жоспары әзірленеді.
Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасаған немесе жасауы ықтимал адамдарға мынадай ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін:
- түзету бағдарламасынан өту;
- балаларын алып қою;
- ата-ана құқықтарын шектеу немесе ата-ана құқығынан айыру.
- наркологиялық мекемелерде мәжбүрлеп емдеу;
- медициналық сипаттағы мәжбірлеу шараларын қолдану.