Бұл туралы Ташкент облыстық Ішкі істер бас басқармасы (ІІББ) хабарлады.
Хабарда айтылғандай, бұл күндері велоспорттан республикалық турнир өтеді. Осыған байланысты, сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін D012 «Бектемір-Шарбақ қ» тас жолының 34 шақырымынан (Шыршық қаласына кіреберіс «Платинадан») бастап 54 шақырымға дейін (Ақсақата МАЖ «Файз» кафесі) аралында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бостандық ауданына баратын азаматтар Шыршық қаласы немесе Қараманас, Қошқорған махаллалары арқылы өте алады.