Мемлекет басшысы Бас Ассамблеяның жалпы сессиясы аясында алғашқы күні сөз сөйлеп, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен келіссөздер жүргізеді.
Саммит аясында беделді халықаралық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесулер, АҚШ-тың жетекші компаниялары мен ірі инвестициялық құрылымдарының қатысуымен іс-шаралар өткізу жоспарланған.