Айтуынша, Кабинет Министрлігінің тиісті қаулысы негізінде, “Орталық Азия әлем өркениеттері қиылысында” Халықаралық мәдениет форумы үстіміздегі жылдың 14-15 сентябрь күндері Хиуа қаласында өткізіледі. Форум аясында бірқатар шаралардың да өткізілуі белгіленген, сондай-ақ Хиуа қаласында ТУРКСОЙ  ұйымына мүше елдердің мәдениет министрлігінің кезектегі мәжілісі өткізілуі көзделген. Фестивальға қатысу үшін бүгінге дейін ЮНЕСКО және Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (АЙСЕСКО) сияқты халықаралық ұйымдардан атқарушылар, конференция қатысушылары, қазылар алқасы мүшелері, Халықаралық ұйымдардан қонақтар және бұқаралық ақпарат құралдардың қызметкерлері тіркеуден өткізілген.

Ташкент қаласында Өзбекстан мәдени мұрасын сақтау, үйрену және насихаттау бойынша дүниежүзі қоғамының V халықаралық конгрессі, Хиуа қаласында ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықта Мәдени мұра мәселелері бойынша халықаралық кеңес комитетінің жиналысы, Нөкіс қаласында “Археология және туризм; әлеуетін белгілеу мен мұрасын басқару” халықаралық археология конференциясы және ІІ Халықаралық бахшылық өнері фестивалін өткізу белгіленген.