Соған орай, зекет мөлшерлемесі 34 миллион сум болып белгіленген. Сондай-ақ, одан артық мөлшері бар адам жалпы соманың қырықтан бірін зекет ниетімен береді.
Пітір садақасының мөлшері төмендегідей:
- 2 кг бидай (10 000 сум);
- 4 кг арпа (16 000 сум);
- 2 кг мейіз (100 000 сум);
- 4 кг құрма (160 000 сум).
Мұнда әрбір адам өз жағдайына қарап, осы төрт өнімнің қалаған бір түрінен пітір садақасын берсе жеткілікті.
Фидя мөлшері бір күн үшін 25 мың сум, бір айға 750 мың сум деп белгіленді.
Фидя мөлшері — бір міскіннің бір күндік азық-түлік бағасы саналады. Бүгінгі күнде орташа 25 мың сумға тура келуде.
Ескертеміз : Бұл бағалар Ташкент қаласы базарларындағы бағалар негізінде белгіленді. Әрбір облыс өз базарларындағы бағаға қарап, пітір садақасын белгілейді.