Айтылғандай, аталмыш жобалар озық шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, мүлде жаңа тәсілмен әзірленген. Онда Мемлекет басшысы тарапынан белгілеген биылғы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, мақсатты көрсеткіштері және оларды іске асырудың нақты тетіктері көрсетіліп отыр.

Реформалар бағдарламалары Мемлекет басшысының Өзбекстан халқына және Олий Мажлиске жолдауында алға қойған бастамалары мен 2026 жылға арналған ең негізгі реформаларды қамтиды.

Олардық қатарында махалла инфрақұрылымын жетілдіру және оған Жаңа Өзбекстан бейнесін қалыптастыру, экономиканы технологиялық және инновациялық өсу моделіне көшіру, ішкі нарықта сұранысты ынталандыру, кәсіптерді дамыту және жаңа еңбек нарығы құрылымын құру, экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету және суды тиімді пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен сот-құқық жүйесін жетілдіру, қоғамдағы бірлікті нығайту арқылы оны көтеру шаралары орын алған.

Бағдарламаларда «құжат әзірлеуден» бастап «нақты нәтиже алу» қағидатына көшу көзделген. Әр бастаманы іске асыру тетіктері және жыл соңына дейінгі нәтижелер бойынша KPI көрсеткіштері белгіленген. Бағдарламалар тікелей орындауға арналған, кейбір бастамалар үшін басқа құжат қабылдауды қажет етпейді. Әр реформаның орындалуына жауапты жетекші және үйлестіруші мемлекеттік орган тағайындалады.

«Өзбекстан – 2030» стратегиясын «Махалланы дамыту және қоғамды өркендету жылы» аясында жүзеге асыруға арналған Мемлекеттік бағдарламада 2026 жылға арналған басты көрсеткіштердің орындалуы қамтамасыз етіледі. Бағдарламада 337 тармақтан тұратын іс-шаралар жоспары бекітілген. 2026 жылы салалар бойынша 59 маңызды нормативтік-құқықтық акт жобасы және стратегиялық реформаларды қамтитын 12 нормативтік-құқықтық акт жобасы әзірленеді.

Жобаларды әзірлеуде қоғамдық пікірге ерекше мән берілген. Мемлекеттік бағдарлама кең талқылаудан өтіп, 23 қаңтар – 1 ақпан аралығында БАҚ пен интернет арқылы жарияланды. Интернетте 5 миллионнан астам адам танысып, 22 мыңнан астам пікір мен ұсыныс түсті.

Жоғары оқу орындары мен мемлекеттік органдарда 50-ден астам талқылау өтті. Оған шамамен 10 мың студент, профессор-оқытушылар және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Шетелдегі отандастармен де кездесулер ұйымдастырылып, бірнеше қосымша бастамалар ұсынылды.

Талдау нәтижесінде конструктивті деп танылған шамамен 1000-ға жуық ұсыныс Мемлекеттік бағдарламаға енгізілді.

Атап айтқанда, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту, педофилия үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізу, ипотека және электромобиль сатып алу үшін несие механизмдерін жетілдіру, қайта жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 30 пайызға жеткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жаңа деңгейге көтеру, қылмыстық істер бойынша соттарда халық өкілдерінің қатысуын жолға қою сияқты бастамалар қолдау тапты.

Сонымен бірге, махалла қаражатын жұмсауда ашықтықты күшейту, махаллаларда ішкі жолдар, жаяу жүргіншілер және веложолақтар ұйымдастыру, бизнес-инкубаторлар құру, өнеркәсіптік аймақтар жанында кәсіби қайта даярлау орталықтарын ашу, ағаш кесуге жауапкершілікті қатаңдату, энергия тиімділігін бағалау бойынша KPI енгізу, қайта өңдеу және утилизация тізбегін жолға қою сияқты ұсыныстар қызығушылық тудыратын бастама деп табылды.

Одан бөлек, АҚШ, Германия, Түркия, Франция, Канада, Корея, Жапония, Швеция, Португалия және Қазақстанда отандастар қатысқан талқылаулар өткізіліп, 60-қа жуық тағы да ұсыныс түсті.

Шетелдегі отандастар мемлекеттік емес мектептер қызметін дамыту үшін нақты, тұрақты және ашық лицензиялау мен бақылау механизмдерін енгізу, тәжірибе барысында оқушыларды бағыттайтын кәсіпорын мамандары үшін ынталандыру және жауапкершілік жүйесін қолдану, жатыр мойны және сүт безі қатерлі ісігі бойынша қауіп топтарын анықтайтын бірегей цифрлық скрининг жүйесін енгізу, жеңілдетілген кредиттерді бөлу кезінде «нәтижеге негізделген субсидия» (performance-based subsidy) моделін, экспорттаушы кәсіпорындар үшін «Export-as-a-service» моделін енгізу, яғни логистика, кеден, сертификаттау, маркетинг және төлем мәселелерін біріңғай оператор арқылы кешенді қызмет ретінде ұсыну, адвокаттар үшін электронды кезек алу процесі бойынша нұсқаулық және бейненұсқаулар дайындау сияқты ұсыныстарын білдірген.

Бұл бағдарламаларды іске асыруға жалпы 250,5 трлн сум және 50,4 млрд доллар қаражат тарту жоспарланған.

Мемлекеттік бағдарлама орындалуын Әділет министрлігі мен Есеп палатасы тұрақты бақылауда ұстайды, Министрлер Кабинеті әр тоқсан сайын талқылайды, жарты жыл сайын Парламентке есеп береді, ай сайын Президентке ақпарат ұсынады.

Әрбір реформалар бағдарламасына жауапты тұлғалар тоқсан сайын Президентке орындау жайын хабарлап отырады. Премьер-министр реформаларды іске асыру мен қаржыландыруды үйлестіріп, орындалуын қатаң бақылауға алады.

Мемлекет басшысы ұсынылған жобалармен толық танысып, тиісті жарлыққа қол қойып, реформалар бағдарламалары мен «Махалланы дамыту және қоғамды өркендету жылы» Мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Барлық реформалар мен шаралар алдымен халық өмірінде нақты нәтиже беруі – жаңа жұмыс орындарының ашылуы, табыстың өсуі және тұрғындардың қанағаттануы арқылы көрінуі қажет екені атап өтілді.