Демалыс күндері кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін

    Демалыс күндері Өзбекстанда ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде.

    Бұл туралы Узгидромет хабарлады.

    3 октябрьде республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, тек Ферғана аңғары облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады.

    Бүгін республиканың кейбір таулы аймақтарында тәулік бойы қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.

    Ауа температурасы +18...+23 градус шамасында, оңтүстікте +25...+27 градусқа дейін барады.

    Демалыс күндері Өзбекстанның барлық аумағында құрғақ ауа райы сақталады, ауа температурасы күндіз +20...+25 градус болады. Кейбір таулы аймақтарда ғана жаңбыр жауады деп күтілуде.

    Бүгін шөлді аймақтарда, 4-5 октябрь күндері солтүстік және шөлейтті аймақтарда желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейіп, кей жерлерде шаң-тозаң болады.

    Ташкентте күн бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады.

    3 октябрьде ауа температурасы +20...+22 градус; 4 октябрьде түнде +10...+12 градус, күндіз +23...+25 градус; 5 октябрьде түнде +10...+12 градус, күндіз +21...+23 градус жылы болады.