Абдулазиз Камилов Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрімен кездесті

    2021 жылғы 8 декабрьде Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Италия – Орталық Азия» форматындағы екінші министрлер конференциясына қатысу үшін Ташкентке келген Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Маямен кездесті.

    Олар Екінші министрлер кездесуінің нәтижелі болғанын ризашылықпен атап өтіп, аталмыш форматтағы сұхбат Италия мен аймақ елдері арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, білім салаларындағы көпқырлы және тұрақты ынтымақтастықты дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті.

    Кездесуде екіжақты бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ 2022 жылы Ташкент қаласында Сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық және экспорттық несиелер бойынша Өзбекстан-Италия үкіметаралық жұмыс тобының 7-отырысын өткізу жөніндегі ұсыныстар қаралды.

    Парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға, аумақаралық ынтымақтастықты, атап айтқанда, Самарқант облысы мен Ломбардия аймағы ортасындағы ынтымақтастығын жандандыруға, келісімшарт-құқықтық базаны кеңейтуге, өзара туризм ағымын арттыруға екіжақ та дайын екендіктерін білдірді.

    2022 жылы Өзбекстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты бірлескен шаралар арқылы тойлауға ерекше назар аударылды.

    Тараптар сондай-ақ, екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды СІМ-нің баспасөз қызметі.