Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, Сауд Арабиясының ACWA Power компаниясы электр станциясын жобалайды, қаржыландырады, салады, іске қосады, 25 жыл барысында пайдаланады және басқарады.
Шара аясында, сондай-ақ Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі мен ACWA Power компаниясы арасында Самарқант облысында қуаты 1000 МВт және Ташкент облысында қуаты 400 МВт күн электр станциялары, сондай-ақ 1200 МВт қуатқа ие автономды электр токты жинайтын батареясын құру бойынша инвестициялық келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде бірқатар экономикалық жетістіктер айтылды. Атап айтқанда, құрылыс кезінде 3 мыңнан астам, ал станцияларды пайдалану кезінде 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.
жылына 3,5 миллиард кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі, 1 миллиард текше метр табиғи газ үнемделеді.
Ақпарат үшін: ACWA Power компаниясы электр станциялары, сондай-ақ суды тұщыту зауыттарын жобалауға, салуға, қаржыландыруға және олардан пайдалануға мамандандырылған. Жұмысшылар саны шамамен 3500-ге жуық.
Компания Таяу Шығыс, Африка, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның 12-ден астам елінде жұмыс істейді. ACWA Power портфеліне 38,7 ГВт-тан астам өндіру қуатына ие нысандар енеді.